Маңғыстау облысында ауыл әкімі пара алғаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды "Ақтау Бизнес" порталы.
Маңғыстау облысында ауыл әкімі пара алғаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды "Ақтау Бизнес" порталы.
Бүгін Ақтау қалалық сотында биылғы жылдың сәуірінде 500 мың теңге парамен ұсталған Маңғыстау облысы Өмірзақ ауылының бұрынғы әкімі Абдулла Мұғаловқа қатысты үкім шықты. Іс материалына сәйкес, Абдулла Мұғалов бұл ақшаны ауыл кәсіпкерлерінің бірінен жер телімін алып беру үшін сұраған. Бас маман Рүстем Өтешев те экс-әкіммен сыбайлас болған екен. Олар ақшаны бөлісіп алыпты.
Ақтау қалалық сотының үкімімен бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер Қылмыстық кодекстің 311 бабы 4 бөлімі "б" тармағы бойынша ірі көлемде пара алды деп айыпталды. Абдулла Мұғалов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, оның мүлкі тәркіленеді, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Өтешев те дәл осындай шарттармен 7 жылға сотталды.
Еске сала кетейік, "Пара алды" деген күдікпен экс-әкімге және әкімдіктің бас маманына қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Мауғыстау облысының ауыл әкімі мен оның қоластындағы қызметкер 2014 жылы сәуірде ұсталған еді.