24 мамыр 2017 | 10:11

Маңғыстауда шенеунік қара уылдырық түрінде пара алды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tumba.kz © Tumba.kz

Маңғыстау облысы бойынша орман шаруаршылығы және жануарлар әлемі инспекциясы басшысының орынбасары облыс тұрғынынан пара ретінде бекіре тұқымдас балықтың уылдырығын бір келі көлемде алған деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tumba.kz Ақтау қалалық сотына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысы бойынша орман шаруаршылығы және жануарлар әлемі инспекциясы басшысының орынбасары облыс тұрғынынан пара ретінде бекіре тұқымдас балықтың уылдырығын бір келі көлемде алған деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tumba.kz Ақтау қалалық сотына сілтеме жасап.

Іс материалдарына қарағанда, 19 мамырда облыс тұрғыны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша ұлттық бюросына хабарласып, ведомство басшысы орынбасарына қатысты шара қолдануын сұраған. Жергілікті тұрғынның айтуынша, ол пара ретінде бір келі балық уылдырығын алған.

"19 мамырда шамамен сағат 17.50-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері 11-ықшамаудандағы №38 үйде жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында 280 мың теңге көлемінде балық уылдырығын пара ретінде алған Маңғыстау облысы бойынша орман шаруаршылығы және жануарлар әлемі инспекциясы басшысының орынбасарын ұстады", - деді Ақтау қалалық сотындағылар.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу басталлы. Күдікті ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес, Ақтау қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басылымның мәліметінше, 22 мамырда сот оны оны бір ай қамауда ұстау туралы шешім қабылдады. Соттағылардың айтуынша, күдіктінің адвокаты соттың шешіміне шағымдана алады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети