Маңғыстау облысында бюджеттен 12 миллион теңге жымқыру екі дерекі анықталып, құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметіне сілтеме жасап.

"Жыл басынан бері бюджеттен 12 миллион теңге жымқыру екі дерекі анықталды, олар Маңғыстау облысы Мұнайлы және Қарақиян аудандарында мектеп салу және инжерерлік-коммуникациялық құрылыс салуда атқарылған жұмыстар бойынша фиктивті құжаттар дайындаған", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Тергеу барысында 10 миллион теңгенің қайтарылғаны айтылады. Тергеу жалғасады. Фиктивті құжаттар толтырған адамдардың іс-материалдары облыстық антикоррупциялық қызметіне тапсырылған.