Маңғыстау облысында ауыл әкімі мен орынбасары сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында ауыл әкімі мен орынбасары сотталды

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотында Маңғыстау ауылының әкімі Қалқатай Өтемұратовқа, оның орынбасары Бекболат Қасымовқа және "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Азамат Көбегеновқа сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Лада". 

Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша ("Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану") кінәлі болып танылды. 

Қалқатай Өтемұратов 3 жыл алты айға, Бекболат Қасымов - 3 жылға және Азамат Көбегенов - 4 жылға сотталды. Олар өмір бойына мемлекеттік қызметте және жергілікті атқару органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды. 

"Олар сот залында қамауға алынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар 15 күн ішінде апелляцияға бере алады", - деді облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети