Маңғыстау облысында өзін ренжіткен әйелдің үйіне жанармай толы құты лақтырған өзбекстандық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында өзін ренжіткен әйелдің үйіне жанармай толы құты лақтырған өзбекстандық ұсталды @Pg21.ru

Маңғыстау облысында өзін ренжіткен әйелдің үйіне бензин толы құты лақтырған 33 жастағы Өзбекстан тумасы ұсталды, - деп хабарлайды Lada.kz. Нәтижесінде әйелдің мүлігінің көп бөлігі өртеніп кетті. Ол материалдық шығын көлемін миллион теңгеге бағалап отыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында өзін ренжіткен әйелдің үйіне бензин толы құты лақтырған 33 жастағы Өзбекстан тумасы ұсталды, - деп хабарлайды Lada.kz. Нәтижесінде әйелдің мүлігінің көп бөлігі өртеніп кетті. Ол материалдық шығын көлемін миллион теңгеге бағалап отыр.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға Бейнеу ауданында болды. 43 жастағы жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, белгісіз біреудің оның үйін қасақана өртеп жібергенін мәлімдеді. Күдікті қылмысын мойындады. Оның айтуынша, мұндай әрекетке ол жәбірленушіге деген жеккөрініштен және мас болғандықтан барған. Күдіктінің әйел адамға нақты қандай кінә тағып отырғанын айтпады. Аталған дерек бойынша, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айта кетейік, 2012 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Тайыншы ауданында осыған ұқсас оқиға болды. 16 жастағы жасөспірім бензин толы құтыны полицияның учаскелік инспекторы үйіне лақтырған болатын. Инспектор оқушының әкесіне мас күйде көлік айдағаны үшін хаттама толтырған. Нәтижесінде бала кек алу үшін осындай әрекетке барды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети