Маңғыстау облысының тұрғыны жұмысқа орналасу үшін алаяққа 2 миллион теңге берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының тұрғыны жұмысқа орналасу үшін алаяққа 2 миллион теңге берген @Tengrinews.kz

Маңғыстау облысының тұрғыны беделді компанияға баласын жұмысқа орналастыру үшін алаяққа 2 миллион теңге ақша берген, - деп хабарлайды "Лада" облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының тұрғыны беделді компанияға баласын жұмысқа орналастыру үшін алаяққа 2 миллион теңге ақша берген, - деп хабарлайды "Лада" облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылының 47 жастағы тұрғыны полицияға хабарласқан. Әйел 27 жастағы танысының баласын осы ақшаға "ОСК" компаниясына жұмысқа қіргізіп беремін деп уәде бергенін айтқан. Ақшаны алған алаяқ сол күйі әйелдің баласын жұмысқа орналастырмаған. Аталған деректерге қатысты "алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, 2014 жылдың желтоқсан айында Ақтау қаласының тұрғыны осы компанияға жұмысқа кіру үшін алаяққа 600 мың теңге берген. "Полиция алаяқтық жасағаны үшін Ақтау қаласының 13-ші ықшамауданының 24 жастағы тұрғынын ұстаған болатын. Екі күдіктіден де ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды", - деді Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Әлия Шермағамбетова.

Еске салайық, павлодарлық қария 2 миллион теңгеден астам ақшасын алаяққа беріп қойғанын хабарлаған едік. Полиция осы қылмысқа қатысты адамды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын өткізіп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети