Маңғыстауда ауыл әкімі пара алғаны үшін 8 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда ауыл әкімі пара алғаны үшін 8 жылға сотталды Фото nnm.me сайтынан алынды

Маңғыстау облысында ауыл әкімі пара алғаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды "Ақтау Бизнес" порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында ауыл әкімі пара алғаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды "Ақтау Бизнес" порталы.

Бүгін Ақтау қалалық сотында биылғы жылдың сәуірінде 500 мың теңге парамен ұсталған Маңғыстау облысы Өмірзақ ауылының бұрынғы әкімі Абдулла Мұғаловқа қатысты үкім шықты. Іс материалына сәйкес, Абдулла Мұғалов бұл ақшаны ауыл кәсіпкерлерінің бірінен жер телімін алып беру үшін сұраған. Бас маман Рүстем Өтешев те экс-әкіммен сыбайлас болған екен. Олар ақшаны бөлісіп алыпты.

Ақтау қалалық сотының үкімімен бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер Қылмыстық кодекстің 311 бабы 4 бөлімі "б" тармағы бойынша ірі көлемде пара алды деп айыпталды. Абдулла Мұғалов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, оның мүлкі тәркіленеді, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Өтешев те дәл осындай шарттармен 7 жылға сотталды.

Еске сала кетейік, "Пара алды" деген күдікпен экс-әкімге және әкімдіктің бас маманына қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Мауғыстау облысының ауыл әкімі мен оның қоластындағы қызметкер 2014 жылы сәуірде ұсталған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети