Маңғыстауда шекараны заңсыз кесіп өткен бес ресейлік сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда шекараны заңсыз кесіп өткен бес ресейлік сотталды ©aktau-business.com

Маңғыстау облысында шекараны заңсыз кесіп өткен Ресейдің бес азаматы сотталды, - деп хабарлайды "Актау Бизнес"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында шекараны заңсыз кесіп өткен Ресейдің бес азаматы сотталды, - деп хабарлайды "Актау Бизнес"

Дағыстан азаматтары Каспий теңізі айдынында мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен. "Аспалы моторы бар су көлігімен Қазақстан аумағына өткен кезде, оларды еліміздің Шекара қызметі ұстады. Ұсталғандар балықты заңсыз аулауды ойластырған", - дейді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Рустам Нәбиев.

Сот ер адамдарды "Шекараны заңсыз кесіп өту" бабы бойынша айыпты деп танып, әрқайсысына біржарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді. Айта кету керек, заң бұзғандарды ұстау кезінде олар шекарашылардан Каспий теңізінің бейтарап аумағына қарай қашып кетпек болған. Шекарашылар оларды бір сағат бойы қуып, ақыры шақыртылған тікұшақтың және ескерту оғының көмегімен ұстады.

Кейін істі сотталғандардың шағымы бойынша апелляциялық инстанция қарады. Бірақ соттың үкімі заңды әрі негізді деп танылды. Үкім күшіне енді. Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін Қырғызстан азаматшасының ұсталғаны хабарланған болатын. Әйел шекарадан туысқанының төлқұжатымен өтуге тырысқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети