Мародерлер Алматыдағы қару-жарақ дүкенін қалай тонағанын айтып берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мародерлер Алматыдағы қару-жарақ дүкенін қалай тонағанын айтып берді Видео кадры

Полиция ұстаған үш тонаушы Алматыдағы "Камерад" қару-жарақ дүкенін қалай тонағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция ұстаған үш тонаушы Алматыдағы "Камерад" қару-жарақ дүкенін қалай тонағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, ұсталғандар "қару-жарақты" бейтаныс адамдардың бұйрығымен тонағанын алға тартқан.

"Бір бейтаныс жігіт көлігіме отырып, Шаляпин мен Саин көшелеріне жүруімді бұйырды. Мен бардым. Тонаудан кейін бұл адам жоғалып кетті. Оның кім екенін, қайда кеткенін білмеймін", - деді ұсталған күдікті.

"Біз көп болдық. Ұрланған қаруды мен тығып қойдым", - деді екінші күдікті.

Ведомство мәліметінше, екі күдікті Алматы облысының, тағы біреуі Жамбыл облысының тұрғындары.

"Олардың бірі бұрын тонау бойынша сотты болған. Олар 22-24 жаста. Алматы облысы Қарасай ауданы аумағында арнайы шара барысында екі күдікті ұсталды, тағы бір айыпталушы Алматы қаласы Достық даңғылындағы сауда үйінде тұтқындалды. Олар қамауға алынды.

Ұсталғандардың басқа да заңсыз әрекеттерге, соның ішінде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Полиция өкілдері үш күдіктінің де Алматыда тұрақты жұмыстары жоқ, кездейсоқ жұмыстармен күн көретінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети