Шығыс Қазақстанда 17 жастағы жасөспірім автотұрақта тұрған Porsche Cayenne көлігін айдап әкеткені және бастығының ақшасын ұрлағаны үшін екі жылға шартты түрде сотталды, - деп хабарлайды YK-News.kz. Шығыс Қазақстан облысы жасөспірімдер істері жөніндегі № 1 мамандандырылған ауданаралық соты осындай үкім шығарды.

Оқиға осы жылдың мамыр айында болды. Жасөспірім автотұрақта жұмыс істеген. Жұмыс істеген уақытында ол өз бастығын екі рет тонап кеткен. Бірінші жағдайда ол бастығы кабинетінен шығып кеткенде оның 23 мың теңгесін алып кетеді. Бес күннен кейін жасөспірім тағы бір қылмыс жасайды. Бастығының кабинетіне терезеден кіріп, бөлмесін тінтеді. Тапқан ақшасын алып кетеді. Онымен қоймай, клиенттердің біріне тиесілі Porsche Cayenne көлігінің кілтін алып, айдап әкетеді.
Бірақ машинаны орнынан қозғалта алмай қалады. Оны күзетші байқап қалып, ұстап алуға тырысады. Содан кейін газды басып, машинамен қақпаны қағып өтеді. Жасөспірімді жолда полицейлер ұстап алады. Сотта жігіт кінәсін мойындап, қылмыс жасаған уақытта мас болғанын айтты. Ол келесіде заңды бұзбауға уәде берді. Сот оның бостандығын шектеумен бірге анасына автотұрақ клиентінің зақымданған машинасы үшін 700 мың теңге төлеуді міндеттеді.