27 сәуір 2016 09:13

Мас сержант әріптесін атып өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mk.ru © mk.ru

Мас сержант әріптесін атып өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әскери сотының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Мас сержант әріптесін атып өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әскери сотының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың үкімімен №7 әскери бөлімінің сержанты өзінің қызметтік әріптесін өлтіргені үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеуге сотталды.

"Басты сот талқылауында анықталғандай, әскери бөлімінің сержанты жәбірленушімен ашу-араздық  қарым-қатынастарда болып, мас күйінде өзінің қызметтік әріптесін екі рет аңшылық қарумен атқан, нәтижесінде жәбірленуші оқиға болған жерде қаза болған. Жәбірленушіні өлтіргеннен кейін ол оның мәйітін автокөлікке салып алып, облыс аумағының сыртына шығарып тастап кеткен", - делінген хабарламада. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети