Масанчидегі қақтығыс: 47 адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Масанчидегі қақтығыс: 47 адам ұсталды Жаппай тәртіпсіздік салдарынан қираған сауда орны

Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында болған жаппай төбелестен кейін полицейлер 47 адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында болған жаппай төбелестен кейін полицейлер 47 адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнына менің орынбасарым мен бас прокурордың орынбасары аттанды. Құқық қорғау органдары жедел төтенше жағдайды ауыздықтады. 

Қазіргі уақытта 47 адам ұсталды және полиция бөліміне жеткізілді. Олардан екі аңшы қаруы тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртiпсiздiкке қатысу және оны ұйымдастыру", сондай-ақ ҚР ҚК-нің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жүріп жатыр", - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ брифингінде. 

Еске салайық, бұған дейін 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе және Масанчи ауылдарында полицейлерге шабуыл жасалып, жаппай төбелес шыққаны мәлім болған. 

Бұған дейін министр 8 адамның қаза тапқанын мәлімдеген.

Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол оқиғаны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеген. 

Кейін Президент Жамбыл облысындағы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасап, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети