03 ақпан 2014 | 16:35

Мәскеуде қарулы оқушы лаңкестік жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орны. ©РИА Новости Оқиға орны. ©РИА Новости

Мәскеудегі №263 орта мектепте жоғарғы сыныптың қарулы оқушысы адамдарды кепілдікке алды деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап. Қолына атыс қаруын ұстаған оқушы мектепке келіп, күзетшіні қорқытып ішке енеді. Дегенмен қызметкерлер дабыл түймесінің көмегімен полицияға хабар беріп үлгереді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, шапқыншы тәртіп сақшыларының бірін атып өлтіріп, екіншісін жарақаттаған. Лаңкес оқушы тағы бір адамды – мектеп мұғалімін де мерт қылған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол бір сыныптың 20-ға жуық оқушысын кепілдікте ұстады. Қазіргі уақытта қарулы лаңкес ұсталып, кепілге алынғандар босатылды. Мектеп ғимараты қоршауға алынып, оқиға орнында жедел жәрдем мамандары жұмыс жүргізе бастады. Ресейдің Тергеу комитеті төтенше оқиға бойынша үш қылмыстық іс қозғады - "Кепілге алу", "Кісі өлтіру" және "Полиция қызметкерінің өміріне нұқсан келтіру". Бірнеше жыл бұрын мұндай жағдай Францияда балабақшаларының бірінде болған еді. Безансон қаласында қолына қылыш ұстаған жасөспірім сәбилерді қорқытып ұстаған. Кейін оның ақыл-есінің дұрыс еместігі анықталды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети