Мәскеуде сиқыршы әйелдің басын кесіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде сиқыршы әйелдің басын кесіп кетті Марқұмның үйінің алдындағы ағаштарға ойыншықтар ілінген. ©Lifenews.ru

Мәскеудің Троицкий әкімшілік округінің Ознобишино елді мекеніндегі жеке үйлердің бірінен жергілікті тәуіп әрі сиқыршы әйел Людмила Цоцонаваның басы кесілген мәйіті табылды, - деп хабарлайды LifeNews. Өлер алдында әйел үйін діни нышандармен безендірген, өз үйі алдындағы ағаштарға жол апаты орнынан алынған ойыншықтарды ілген, бұл жол апаты 2013 жылы 13 шілдеде болды, ол кезде Подольск түбінде автобус пен КамАЗ түйіскен еді.

"Цоцонаваның басы кесілген, бұл салттық қылмысқа ұқсайды. Тергеудің мәліметінше, әйелді оның клиенттері немесе оның сиқыршылық қызметіне наразы адамдар өлтіруі мүмкін. Үйді тінту кезінде, иконалар, гүлдер, автобус пен КамАздың апатқа ұшыраған жерінен алынған ойыншықтар табылды. Көріпкелдің ол заттармен не істегені әзірше белгісіз", - дейді полицейлер.

Көршілердің айтуынша, бақсыға түрлі аймақтан клиенттер келетін болған. "Біз онымен сөйлеспейтінбіз, бірақ ол маған бірде көмектесті. Менің немерем болмады, ол маған дуалға аққұтанның бейнесін іліп қоюды сұрады. Кейін менде немере пайда болды. Иконалар мен ойыншықтарға келсек, олардың қайдан алынғанын білмеймін", - дейді көрші Ирина.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети