26 мамыр 2015 | 09:34

Мәскеулік кәсіпкерге сатылып кете жаздаған қыз зорланған болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ktk.kz © Ktk.kz

Ағасының күштеуімен мәскеулік кәсіпкерге тұрмысқа шығып кете жаздаған қыз зорланған болуы мүмкін, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Ағасының күштеуімен мәскеулік кәсіпкерге тұрмысқа шығып кете жаздаған қыз зорланған болуы мүмкін, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, 19 мамыр күні колледжден қайтып келе жатқан Лиданы әлдебіреулер көлікке күштеп отырғызып, алып кеткен. Бойжеткенді түсірген үйде молда мен Мәскеуден арнайы ұшып келген күйеу жігіт күтіп алыпты. Сөйтіп, телеарна мәліметінше, өзінен 24 жас үлкен ер адаммен некесі қиылып, кейін зорланған. 

Прокуратураның мәліметінше, қазір "Адам ұрлығы" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. "Зорлау" бабына сәйкес тергеу амалдары басталды. Осы дерек бойынша сот-медициналық сараптамасы бекітілді", - деді Павлодар прокурорының орынбасары Ерлан Алмазұлы.

Еске сала кетейік, осыған дейін Павлодар тұрғынының өзінің қарындасын мәскеулік кәсіпкерге 500 мың долларға сатпақ болғаны хабарланған болатын.Павлодар ІІБ оңтүстік бөлімшесіне әйел адам хабарласып, 19 мамырда қызын біреулердің ұрлап кеткенін мәлімдейді. Дегенмен полиция қызметкерлері әйелдің арызын қабылдамайды. Қыздың анасы "Нұр Отанның" көмегіне жүгінеді. Олар әйелді прокуратураға жіберген. Нәтижесінде, қыз табылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети