Мәслихат депутаты басқарма басшысына 5 миллион теңге пара берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәслихат депутаты басқарма басшысына 5 миллион теңге пара берген

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті бұрын облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болған С. Бекишовқа қатысты мердігерлік ұйымның басшысынан пара алу дерегі бойынша қылмыстық істі аяқтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Сот облыстық мәслихат депутаты Б. Артемовтың, сондай-ақ "УМР-3" ЖШС-нің басшысы қызметін қоса атқарушы ретінде ұлы А. Артемовпен бірге Талғар су торабын күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін С. Бекішевке 5 550 000 теңге пара бергені анықталды.

2019 жылы 10 шілдеде Талдықорған қалалық сотының үкімімен С. Бекишов пара алғаны үшін сотталды.
ал Б. Артемов пен А. Артемов әрқайсысына 55,5 миллион теңге көлемінде пара бергені үшін сот айыппұл төлеу мерзімін белгілеп, айыппұл төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылатынын түсіндірді.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети