Мәсімовтің қамау мерзімі тағы ұзартылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәсімовтің қамау мерзімі тағы ұзартылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қамау мерзімі 2022 жылдың желтоқсанына дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қамау мерзімі 2022 жылдың желтоқсанына дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді. Ресми мәлімет бойынша, тергеу соты Мәсімов пен Садықұловты қамауға алу мерзімін 2022 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзартқан.

"Д.Е. Ерғожинді қамауда ұстау мерзімі 13.12.2022 жылға дейін, М.С. Осипова - 22.12.2022 жылға дейін ұзартылды. Д.М. Акипов пен Н.К. Бекмұратқа ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты осы жылдың 6 қаңтарында ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Биыл наурызда бас прокурор Берік Асылов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы мен оның үш орынбасарына, екі бөлімше бастығына қатысты бірнеше іс қозғалып, тергеліп жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети