29 тамыз 2014 10:40

Май құю бекетінің басшысы мұнай ұрлығы үшін жеті жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©nnm.me ©nnm.me

Оңтүстік Қазақстан облысында "Газпром Нефть-Казахстан" ЖШС май құю бекеттерінің бірінің бас директоры құны миллиондаған теңге болатын мұнай ұрлығы үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оңтүстік Қазақстан облысында "Газпром Нефть-Казахстан" ЖШС май құю бекеттерінің бірінің бас директоры құны миллиондаған теңге болатын мұнай ұрлығы үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2010 жылдың 21 маусымында Б.А. деген азамат Ордабасы ауданының Төреарық елді мекеніндегі №203 май құю бекетіне басшылық қызметке қабылданған, 2014 жылдың 1 маусымынан 1 шілдесіне дейін Б.А. бір ай ішінде сатылған өнімнен түскен сомасы 12 947 093 теңге болатын инкассацияны тапсырмаған, оны қалтасына басып, серіктестікке аса ірі көлемде шығын келтірді, барлығы 14 230 023 теңгені иеленген", - дейді соттың баспасөз қызметі.

Мұнай жымқыру дерегін Ордабасы ауданының соты қарады. Май құю бекетінің бастығы кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын арқалады. Оған қоса, соттың шешімімен айыпталушы мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда басшы қызметін атқару құқығынан үш жылға айырылды.

Еске сала кетейік, наурыз айында құны жарты миллиард теңге болатын мұнай ұрлағаны үшін екі ЖШС-ның басшысы сотталған болатын. "КазМобилКоммерц" және "КТДС Ойл" ЖШС басшылары бес жылға бас бостандығынан айырылды. Мұнай жымқырғандардың мүлкі тәркіленетін болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети