19 ақпан 2014 | 17:23

Майкеевті қамау мерзімі 9 сәуірге дейін ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бағдат Майкеев (ортада). ©Tengrinews.kz Бағдат Майкеев (ортада). ©Tengrinews.kz

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бағдат Майкеевті тұтқындау мерзімі 9 сәуірге дейін созылды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Дәулет Молдабаев Майкеев Бағдат Әбдіқадырұлын тұтқындауға 2014 жылдың 9 сәуіріне дейін санкция берді", - деп хабарлады Tengrinews.kz-ке Әскери соттың баспасөз хатшысы Аманкелді Жұлқайнаров. 12 ақпан күні Ақмола гарнизонының әскери соты вице-министрді 20 ақпанға дейін тұтқындау туралы санкция берген болатын. Сол кезде прокурор Майкеевке аса ауыр қылмыс жасады деген күдік келіп отырғанын айтқан еді. Еске салайық, жоғары лауазымды шенеунік ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 5-бөлігі бойынша айыпталып отыр, бұл - "Аса ірі көлемде пара алу". Ұсталған генерал-майор журналистерге өзін арандатудың құрбаны болғанын айтты. "Мен бұл ақшаны көрмедім, олар мені жолдан тоқтатты, маған әріптесім қоңырау шалды, кездесуді ұсынды, сол кезде біреу автокөлігіме сөмкені салып жіберген, мен онда не бар екенін білмедім", - деген болатын Майкеев.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети