28 маусым 2019 | 15:30

"Медеу" мұз айдынында зорлаған деген күдікті сот залында шу шығарды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube/Silk Road © youtube/Silk Road

Алматы қаласының Медеу аудандық соты бейсенбіде Медеу мұз айдынында қоғамдық дәретханада қызды зорламақ болған, айыпталушыға қатысты үкім шығарды. Ер адам кінәлі деп танылып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот 300 мың теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуі керек деген үкім шығарды,- деп хабарлайды InAlmaty.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының Медеу аудандық соты бейсенбіде Медеу мұз айдынында қоғамдық дәретханада қызды зорламақ болған, айыпталушыға қатысты үкім шығарды. Ер адам кінәлі деп танылып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот 300 мың теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуі керек деген үкім шығарды,- деп хабарлайды InAlmaty.kz.

1988 жылғы айыпталушы өзінің кінәсін толықтай мойындап, кешірім сұрады. Ол моральдық зиянды төлеуге дайын екенін де айтты. "Еуразия бірінші арнасынының" хабарлауынша, сот үкімі жарияланғанға дейін, айыпталушы ашынып, айналасындағыларды боқтау сөздермен балағаттаған. Сотталушы операторларға бас салып, өзін-өзі ұстай алмағандықтан сот оны залдан шығарып жіберген еді.

Алматылық зардап шегуші сот үкімі шығарған шешіммен келіспейтінін айтып отыр. "Әрине мен келіспеймін. Одан да көп мерзім бергенін қалаймын. Бірақ, бәрі де заң аясында болды. Аппеляцияға қайта беремін ба, бермеймін ба әлі білмеймін", - деді ол. 

Қыздың айтуынша, ол күн сайын зорлаушының туыстарынан қоқан лоқы көреді. Оны тіпті үйдің кіреберісінде аңдып тұрады екен. Жәбірленуші полицияға  қауіп фактісі бойынша арыз берген. Алайда, ол қауіпсіздік мақсатында Алматыдан біраз уақыт дейін көшіп кетуді және телефон нөмірін ауыстыратынын мәлімдеді.

Сот шешіміне қатысты келіспеген қоғам белсенділері заңға өзгерістер енгізу қажеттілігі баяғыда туғанын айтып отыр. "3,5 жыл мерзім алған сотталушы 120-шы бап бойынша бүгінде үшінші рет жауапқа тартылды. Біз зорлау қылмысын қалыптыдан ауыр қылмыс сатысына дейін көтеруді және бас бостандығынан айыру мерзімін ұзартуды сұраймыз. Сондай-ақ, шартты түрде мерзімінен бұрын шығуға тыйым салу керек", - деп талап етті олар.

Биылғы жылдың наурыз айында болған "Медеу" мұз айдынындағы романтикалық кездесудің арты дәретханада зорлаумен аяқталды. Алдын ала тергеу барысында күдіктіні, Алматы облысының тумасын - кепілге босатқан еді. Осыған дейін, ол екі рет зорлау үшін, алаяқтық үшін бір рет сотталған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети