Медициналық бетперде киген жігіттер сән салонына келушілердің қалтасына түскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медициналық бетперде киген жігіттер сән салонына келушілердің қалтасына түскен Иллюстрациялық сурет: smolnews.ru

Алматыда сән салондары мен дүкендерде ұрлық жасаған ер адамдар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда сән салондары мен дүкендерде ұрлық жасаған ер адамдар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жедел іздеу шаралары барысында тұрғылықты мекенжайы жоқ 22 және 20 жастағы екі ер адамдар ұсталды. 

"Олар сән салондары мен дүкендерге кіріп, бірі сөзбен алдап тұрғанда, екіншісі ілулі тұрған киімдердің қалталарын тінтіп отырған. Сауда орындарында да осылай еткен. Кейде медициналық бетперде киіп жүрген. Ұрлаған телефондарын сатып, ақшаны өз керектеріне жаратып отырған. Олардың әрекеті бейнекамераларға түсіп қалған", - дейді Медеу ауданының ІІБ-ның басшысы Болат Тотыбаев. 

Қазір күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалған. Олар бұрын да осындай әрекеттері үшін істі болған. Қазір ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-тарауы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Сонымен бірге, полицейлер бұл адамдардың қылмыстық әрекетінен зардап шеккендер болса: 254-48-00 және 254-48-01 телефондарына хабарласуын сұрайды. 


© Алматы ІІД-нің баспасөз қызметі

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети