Алматыда сән салондары мен дүкендерде ұрлық жасаған ер адамдар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда сән салондары мен дүкендерде ұрлық жасаған ер адамдар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел іздеу шаралары барысында тұрғылықты мекенжайы жоқ 22 және 20 жастағы екі ер адамдар ұсталды.
"Олар сән салондары мен дүкендерге кіріп, бірі сөзбен алдап тұрғанда, екіншісі ілулі тұрған киімдердің қалталарын тінтіп отырған. Сауда орындарында да осылай еткен. Кейде медициналық бетперде киіп жүрген. Ұрлаған телефондарын сатып, ақшаны өз керектеріне жаратып отырған. Олардың әрекеті бейнекамераларға түсіп қалған", - дейді Медеу ауданының ІІБ-ның басшысы Болат Тотыбаев.
Қазір күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалған. Олар бұрын да осындай әрекеттері үшін істі болған. Қазір ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-тарауы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сонымен бірге, полицейлер бұл адамдардың қылмыстық әрекетінен зардап шеккендер болса: 254-48-00 және 254-48-01 телефондарына хабарласуын сұрайды.
© Алматы ІІД-нің баспасөз қызметі