Мектеп әжетханасындағы 5-сынып оқушысының өлімі: БҒМ қорытынды жасауға асықпауды сұрады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектеп әжетханасындағы 5-сынып оқушысының өлімі: БҒМ қорытынды жасауға асықпауды сұрады

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Түркістанда бесінші сынып оқушысының мектеп әжетханасында соққыға жығылуына байланысты пікір білдірді. Ол қорытынды жасауға асықпауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Түркістанда бесінші сынып оқушысының мектеп әжетханасында соққыға жығылуына байланысты пікір білдірді. Ол қорытынды жасауға асықпауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түркістандағы бесінші сынып оқушысының өлімі. 10 жастағы баланы мектеп әжетханасында өлгенше сабаған. Мектеп ішінде де, аулада да бейнебақылау камералары бар. Бірақ дәл сол күнгі жазбалар жоқ. Камера істен шыққан. Баланың ата-анасы оқушылар ақша бопсалады деп айтап отыр", - деп ОКҚ брифингінде журналист Кариноваға жүгінді.

"Сөзсіз, бала өлімі - үлкен қайғы. Дерек белгілі болғаннан кейін, Балалар құқықтарын қорғау комитеті өкілдері Түркістан облысына барды. Бүгінде олар жұмыс істеп жатыр, сол жақта. Бұл факт бойынша тиісті органдар тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Қорытынды бойынша тағы да хабарлаймыз.

Менің ойымша, қорытынды жасауға асығудың қажеті жоқ. Тиісті органдар іс-шараларды аяқтауы тиіс. Сонда ғана шешім қабылданады. Ақша жинауға келетін болсақ, Білім министрлігі ата-анадан немесе мектеп ішінде ақша жинауға қарсы. Бұлай болмауы керек, әр деректі бөлек қарастырып, ең қатаң шараларды қолдану керек", - деді Шолпан Каринова.

Айта кетейік, Түркістанда 10 жастағы мектеп оқушысының туыстары оны сыныптастары мектеп әжетханасында аяусыз соққыға жығып, содан қайтыс болғанын мәлімдеген болатын. Рамазанның отбасы бесінші сынып оқушысынан әлдекімдер ақша талап етіп аямай ұрғанын, артынша ол ауруханадан бір-ақ шыққанын айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети