06 желтоқсан 2017 12:54

Мектеп директоры өз ұлын бірнеше жыл бойы зорлап келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында мектеп директоры өз баласын бірнеше жыл бойы зорлап келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында мектеп директоры өз баласын бірнеше жыл бойы зорлап келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талғар қаласында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық жылжымалы сотында Талғар ауданының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") және 107-бабының 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша айыпталған. 

Қылмыстық іс материалдары бойынша, айыпталушы өз ұлына қатысты бірнеше жылдан бері сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған.

Сот үкімімен ер адам айыпты деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойына педагогикалық қызметтерге, кәмелет жасына толмағандармен жұмыс істейтін орындарға орналаса алмайды. Педофил жазасын барынша қауіпсіздендірілген қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. 

Үкімнің әзірше заңды күшіне енбегені айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети