Мектеп оқушысына азғындық жасаған Орал қаласының тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Мектеп оқушысына азғындық жасаған Орал қаласының тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Күдікті өз кінәсін толық мойындады, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға биыл тамыз айының ортасында болған. Жәбірленушінің анасы 2020 жылдың 3 қыркүйегінде полицияға шағымданған. Күдікті бірден анықталып, ұсталды.
"Кәмелетке толмаған 2006 жылғы қыздың анасы шағымданған болатын, жәбірленуші қаладағы мектептердің бірінде 9-сыныпта оқиды. Қажет шара қабылданып, 1997 жылғы Орал тұрғыны ұсталды. Тергеу кезінде күдікті кінәсін толық мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - дейді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
Болатбек Белгібековтің айтуынша, аталған бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!