Қарағандыда жарты жыл бұрын іс-түзсіз жоғалып кеткен 10 сынып оқушысының мәйіті табылды, - деп хабарлайды Интерфакс-Казахстан.
Қарағандыда жарты жыл бұрын іс-түзсіз жоғалып кеткен 10 сынып оқушысының мәйіті табылды, - деп хабарлайды Интерфакс-Казахстан.
"Ер бала өткен жылдың қараша айынан бастап жоғалғандардың қатарында болып келді. Алдын күні оның жерленген мәйіті бұрынғы "Северная" шахтасының маңынан табылды", - деп хабарлады Қарағанды прокуратурасында.
Мектеп оқушысын ұрып-соқты және оның өліміне кінәлі деген айыппен қаза болған ер баланың жеті құрдастары ұсталған, оның ішінде үшеуі қазіргі уақытта пәтер тонады деген айыппен Қарағанды облысының Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің тергеу изоляторында отыр.
"Жеті күдіктінің әрбірі жекеленген эпизод бойынша айыпталуда. Біреу - денесіне зақым келтірді, яғни ұрып-соқты деген айыппен, екіншісі - құқық қорғау қызметкерлеріне мәліметтерді айтпағаны және ауыр қылмысты жасырғаны үшін, өйткені олар қылмыс орнында болып, барлығын да көрген, бірақ жарты жылдың ішінде полиция қызметкерлеріне хабарламаған. Үшіншісі - қылмысқа тікелей қатысты. Әрбір қылмыскердің рөлі тергеу барысында анықталады", - дейді прокуратурады.
Бұл оқиғаға қатысты адам өлтіру факты бойынша қылмыстық іс тергеу жүруде.