Мектеп оқушысын қағып өлтірген әйел үй қамауына алынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектеп оқушысын қағып өлтірген әйел үй қамауына алынуы мүмкін ©Twitter/Remnew

Мектеп оқушысын қағып өлтірген жүргізуші үй қамауына алынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектеп оқушысын қағып өлтірген жүргізуші үй қамауына алынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта "үй қамауы" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау үшін материалдар жиналды", - деп хабарлады баспасөз өкілдері.

Астана қаласының ішкі істер департаменті жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр. Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркеуге алынды. Қазіргі уақытта 345-бап - "Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян әкелу немесе адам өліміне әкеліп соққан көлік құралдарын пайдаланғаны" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, 25 мамырда сағат 12.00 шамасында Астанада оқушыны көлік қағып кеткені хабарланған болатын. Иманов көшесі бойымен Петров көшесіне бағыт алған Toyota Land Cruiser Қажымұқан көшесімен қиылыста оңға бұрылып жатып, жаяу жүргіншілерге арналған өткелде кәмелет жасына толмаған баланы қағып кетті. Бала оқиға орнында қайтыс болды. Бұдан кейін қайтыс болған баланың 2003 жылғы екені анықталды. Жүргізуші болса Астананың 1983 жылы туған тұрғыны.

Осыған дейін заңгер Джохар Өтебеков жүргізуші әйелге қандай жазалау шарасы тағайындалуы мүмкін екендігін түсіндірген болатын.

Айта кетейік, оқиға орнында қайтыс болған оқушының құрметіне гүл қойылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети