Мектепте жасөспірім балта ұстап жүрген: зардап шеккендер бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектепте жасөспірім балта ұстап жүрген: зардап шеккендер бар видео кадры

Әлеуметтік желіде оқушы мектепте балта ұстап жүгіріп жүргені көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде оқушы мектепте балта ұстап жүгіріп жүргені көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаменті өкілі мән-жайды айтты. 5 ақпанда 102 арнасына Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы қатарластарымен жанжалдан кейін оларға шабуыл жасап, мектеп аумағынан бой тасалағаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған. Хабарлама түскен бойда оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, жасөспірім ұсталды. Оқиғаға қатысушылар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерекке қатысты бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, Ішкі істер органдарының есебіне алынды.

"Жинақталған материалдар шешім қабылдау үшін Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды. Сондай-ақ, жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды", - деді полиция.

Қылмыстық іс аясында қылмысқа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы білім беру бөліміне ұсыныс енгізілген.

"Тергеу қорытындысы бойынша білім беру ұйымының лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ, оқу орнын күзететін күзет агенттігі қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп түсіндірді полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.76  course up  582.47  course up  6.46  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети