Мектептегілер Алматы маңындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде өлтірілген қыз жайлы айтып берді

Мектептегілер Алматы маңындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде өлтірілген қыз жайлы айтып берді © yvision.kz

Алматы облысында?ы мектептерді? бірінде "Асыл Арман" т?р?ын ?й кешенінде ?лтiрiлген 17 жаста?ы ?ыз жайлы айтып берді. Мектептегілер ?ызды? биыл расында да 11-сыныпта о?ы?анын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысындағы мектептердің бірінде "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде өлтiрiлген 17 жастағы қыз жайлы айтып берді. Мектептегілер қыздың биыл расында да 11-сыныпта оқығанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қыз өте тәрбиелі болатын. Толық отбасында тәрбиеленген, отбасында төрт бала бар. Жақсы оқитын. Сабырлы, қарапайым қыз еді. Оған қатысты ешқандай жағымсыз әрекеттер байқалмайтын", - деді мектептегілер.

17 жастағы Әйгерім жақында туған ауылында жерленді. Оны соңғы сапарға шығарып салуға оның сыныптастары мен мұғалімдері барды.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 2 сәуірде Алматы облысында тұрғын үй кешендерінің бірінде 17 жастағы қыздың мәйіті табылғаны жайлы хабарланған болатын. ІІД өкілдерінің айтуынша, "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде 2000 жылғы қыздың мәйіті табылған.

Ал 3 сәуірде 17 жастағы қызды зорлап өлтірді деген күдікті ұсталған болатын. 1982 жылғы жергілікті тұрғын осы қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта ер адам Қарасай аудандық ІІБ-не жеткізілді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама