Алматы маңында 17 жастағы қызды зорлап өлтірді деген күдікті ұсталды

03 Сәуір 2017, 16:15
0
Алматы маңында 17 жастағы қызды зорлап өлтірді деген күдікті ұсталды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Алматы облысында 17 жастағы қызды зорлап өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

"Криминалдық полицияның жедел қызметкерлері іздестіру шаралары барысында қыздың өліміне қатысы бар делінген күдіктінің мекенжайын анықтады. 1982 жылғы жергілікті тұрғын осы қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта ер адам Қарасай аудандық ІІБ-не жеткізілді. Осы дерек бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр", - деп хабарлады полицейлер.

Еске сала кетейік, 2 сәуірде Алматы облысында тұрғын үй кешендерінің бірінде 17 жастағы қыздың мәйіті табылғаны жайлы хабарланған болатын. ІІД өкілдерінің айтуынша, "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде 2000 жылғы қыздың мәйіті табылған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай