"Мембағдарлама арқылы үй алып беремін". Шымкенттік алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мембағдарлама арқылы үй алып беремін". Шымкенттік алаяқ ұсталды © iseekmate.com

Шымкент полицейлері сериялық алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент полицейлері сериялық алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

1 шілдеде Шымкент қаласының Полиция департаментінің Қаратау аудандық полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Онда 2019 жылдың сәуір айында А. есімді әйел "мемлекеттік бағдарлама арқылы үй алып беремін" деп алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 2,5 миллион теңге ақшасын алғанын айтқан.

Одан бөлек осы әйелге қатысты полицияға тағы да 14 тұрғын арызданған. Осы деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде 1960 жылғы әйел күдікті ретінде Қаратау аудандық Полиция басқармасына жеткізіліп, оған қатысты “ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау түріндегі қолхат” бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі таңда, полиция мәліметінше,  қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети