Мемлекетке 135 миллиард теңге шығын келтірген ҰҚТ-ға сот үкімі шықты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекетке 135 миллиард теңге шығын келтірген ҰҚТ-ға сот үкімі шықты

ҚМА Алматы қаласы бойынша Департаменті ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты соталды тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Алматы қаласы бойынша Департаменті ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты соталды тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, топ мүшелері 2018-2020 жылдар аралығында өз бақылауындағы 25 компания арқылы 135 миллиард теңгеге жуық сомаға жалған шот-фактуралар жазып, контрагенттер-сатып алушылардың бюджетке төленбеген салықтар түрінде мемлекетке 39 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген.

Сондай-ақ, тергеу барысында контрагент-сатып алушылардың бақылаудағы компаниялардың банктік шоттарына түскен қаражаттары шетел компанияларымен жалған шарттар жасасу арқылы республикадан тыс жерлерге шығарылғаны, онда шетел валютасындағы қайтарылмаған қаражаттың сомасы 6,6 миллион АҚШ долларын құрағандығы анықталды.

"Сот үкімімен бес айыпталушының барлығы кінәлі деп танылып, 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Тәркіленген 65 мың АҚШ доллары мен 20 миллион теңгеден аса қаржы мемлекетке қайтарылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети