09 қаңтар 2017 | 10:28

Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкері казинодан пара алды деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nje.jp © nje.jp

Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкері казинодан пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкері казинодан пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

"Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент өкілдері ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті Бейөндірістік төлемдер басқармасының бас сарапшысы Р.Жұмабаевты ұстады. Ол Қапшағай маңындағы казино өкілдерінен олардың кәсіпкерлік қызметін жасыру үшін және оларға қатысты салық тексерістері жүрмес үшін жүйелі түрде пара алып отырған", - деді Ұлттық бюродағылар.

Сондай-ақ, Р.Жұмабаевтың делдал арқылы (өз баласы) Қапшағайдағы казино өкілдерінен 5 000 доллар көлемінде кезекті пара алып жатқан жерінен ұсталғаны хабарланып отыр.

Қазіргі уақытта Р.Жұмабаев пен Д.Уданов ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы бойынша Іле аудандық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети