Ақтөбенің мамандандырылған ауданаралық сотында адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және кісі өлтіру деректері бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Сот алдына бірден төрт күдікті келді, - деп жазады "Диапазон".
Ақтөбенің мамандандырылған ауданаралық сотында адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және кісі өлтіру деректері бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Сот алдына бірден төрт күдікті келді, - деп жазады "Диапазон".
2017 жылдың 8 тамызында ақтөбелік өз отбасын олардың үйіне түнгі уақытта баса-көктеп кірмекші болған ер адамдардан қорғамақшы болып, олардың бірін ұстап, саяжайға алып кетіп, сарайдың жертөлесінде ұстап отырған. Осылайша, ер адам оларды үйге кімнің жібергенін білмекші болған.
Басылымның мәліметінше, соққы көрген тұтқындағы күдікті екінші күдіктінің атын атап, оған қоңырау соғады. Нұрлан есімді жігіт екінші күдіктіні қорқытып, оған кездесу белгілейді. Осылайша, Нұрлан мен оның екі көмекшісі екінші күдіктіні ұстайды. Содан ол арқылы үшінші күдіктінің есімін біліп алып, оны да күштеп саяжайға алып кетеді. Бірақ ұсталғандардың бірі Нұрланға "мен сені өлтіремін" деп айтқанда Нұрлан оны алып қылғындырып тастайды. Денесін Ақтөбедегі су қоймасы жаққа апарып тастайды. Ал қалған екі тұтқынды Нұрлан бостандыққа жіберіп, полицияға келіп өзі беріледі.
Кейіннен Нұрланның екі көмекшісі де қамауға алынады - Антон мен Эльдар. Сонымен қатар, осы істегі басты фигуранттың әкесі де қамауға алынады. Ер адам сотта отбасын қорғап қалмақшы болғанын айтқан.
"Үйде отырғанмын, түнгі сағат үште үйге біреулердің баса-көктеп кірулерін сұраған жоқпын. Олар мені және отбасымды өлтіріп кетпек болды, Мен өз отбасымды қорғадысм, соңына да отбасымды қорғап келдім. Мені атып тастасаңыздар да болды. Менің істегенім ол өзін-өзі билеу. Бірақ менің жанымда отырған балалардың еш кінәсі жоқ. Мен оларды осылай істеуге мәжбүрледім. Барлығын түсіндіре аламын. Әкемді де себепсіз қамауға алды. Істегенімнің барлығына өзім жауап беруім керек. Мұнда біреу кісі өлтіруге тапсырыс жасады. Мен олардың кім екенін де шамалап біліп тұрмын. (...) Біздің үйге шабуыл жасағандарға қатысты қылмыстық іс қозғауын сұраймын. Біз арыз жаздық, бірақ жауап жоқ. Бізді соттап жатса, ертең олар тағы да біреулерге шабуыл жасады. Олар да кейін өзін қорғамақ болғандықтан сот алдына келеді. Не істерімді білмей отырмын", - деп мәлімдеді сотталушы.
Ал Антон мен Эльдар тек Нұрланға көмектескендерін айтады. Айтуларынша, Нұрлан оларды қорқытқан. Сондай-ақ, олар Нұрланнан қорыққаннан бұл туралы полицияға айтпағандарын мәлімдеді.
Сот отырысы жалғасып жатыр.