01 наурыз 2020 | 21:16

Мені ешкім ұстаған жоқ - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

Фото: inform.kz

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамунов Facebook желісінде өзінің ұсталды деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамунов Facebook желісінде өзінің ұсталды деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен, Мамунов Руслан Маратұлы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланған жазбаларға қатысты мынаны мәлімдеймін: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі менің Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары әрі "Ақтөбе" ӘКК жетекшісі қызметіме қатысты ешқандай да тергеу шараларын жүргізіп жатқан жоқ. Мен төрт жыл бұрын болған дерек бойынша куәгермін. Мені ешкім ұстаған жоқ, шаруаларыммен Нұр-Сұлтан жүрмін, еркіндігіме қатысты ешқандай да шектеу жоқ", - деп жазды Мамунов. 

Реклама
Реклама

"Менің ар-намысым мен абыройыма нұқсан келтіретін жарияланымдар туралы айтарым, бұл істің шын-өтірігін білмей жатып мәліметті жариялап, таратқандарды сотқа беруге ниеттімін", - деп жазды облыс әкімінің орынбасары.

Еске салайық, мұның алдында Ақтөбе облыстық Футбол федерациясы облыс әкімінің орынбасары әрі өңірлік Футбол федерациясының президенті қызметіндегі Руслан Мамуновтың ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная