01 наурыз 2020 15:36

Әкімнің орынбасары ұсталды деген ақпаратқа қатысты Ақтөбеде АОФФ өкілдері пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде облыс әкімінің орынбасары Руслан Мамуновтың ұсталғаны туралы пікір білдірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық Футбол федерациясына сілтеме жасап. 


Ақтөбеде облыс әкімінің орынбасары Руслан Мамуновтың ұсталғаны туралы пікір білдірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық Футбол федерациясына сілтеме жасап. 

"Өткен жұма мен сенбі күндері жекелеген БАҚ облыс әкімінің орынбасары Руслан Мамуновтың ұсталғаны туралы ақпарат таратты. Оған қатысты ешқандай бұлтартпау шарасы таңдалған жоқ. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласында жүр", - деді футбол федерациясының өкілдері. Ал Мамунов болса осы федерацияның президенті. 

Облыстық футбол федерациясының өкілдері сондай-ақ қауесеттерді тарату және бөліскені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертілді.

Осыған дейін БАҚ-та Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамуновтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Ол 2019 жылдың қараша айында әкім орынбасары қызметіне тағайындалды. Осыған дейін 2019 жылдың наурыз айынан қараша айына дейін "Ақтөбе "ӘКК"ҰК Басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2016-2019 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерін атқарды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети