Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты салдарынан екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева бүгін сотқа қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот алдына жауапкер ретінде Toyota Camry жүргізушісі Ұлан Әбдіуалиев шықты, ол Парафиеваны көлігінен шыққан сәтте қағып кеткен болатын.
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты салдарынан екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева бүгін сотқа қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот алдына жауапкер ретінде Toyota Camry жүргізушісі Ұлан Әбдіуалиев шықты, ол Парафиеваны көлігінен шыққан сәтте қағып кеткен болатын.
Сотта Әбдіуалиев өзін кінәлі етіп көрсеткісі келіп жатыр деуден танбады.
"Ол күні сол жақ шеткі қатармен келе жаттым, сағатына 70-80 шақырым жылдамдықпен. 50 метрдей жерден люк пен Парафиеваның көлігін байқадым, айнаға қарадым, артымда көлік болмаған соң оңға алдым. Бірнеше секундтан кейін соққы болды. Есімді жиған кезде не болғанын есіме түсірдім. Сосын куәлігімді толық өзгерттім, өйткені ГАИ қызметкері мен автобус иесінің тарапынан заңсыз әрекет болды. Ол кезде Жаңабаевтың орнына түсініктемені автобус иесі жазды, оған не жазу керектігін ГАИ қызметкері айтып тұрды", - дейді Әбдіуалиев.
Жаңабаевтың адвокаты Бақытжан Сейдалиев бұл полиция қызметкеріне қарсы айып екенін айтты.
Ал Парафиеваның адвокаты Жанна Оразбақовнаның ол қай уақытта оңға алғаны туралы сұрағына Әбдіуалиев жауап бере алмады.
"Есімде жоқ, бұл бірнеше ай бұрын болды ғой. Іс болса созылып кетті. Мені қыспаққа алып отырсыздар. Тергеу тәжірибесі кезінде мені кінәлі етіп көрсеткісі келді", - дейді Camry жүргізушісі.
Ал Оразбақованың кінәлі не, кінәлі еместігіне қарамастан мральді шығынды өтеуге дайын ба деген сұрағына, Әбдіуалиев кінәлі еместігін қайта айтты.
"Парафиева ауруханада жатқанда, көмегімізді ұсынғанбыз. Әпкелерім мен әйелім де келді. Мен кінәлі емеспін", - дейді ол.
Сонымен қатар, бұл сұрақты судья да қойды, ол кезде де Әбдіуалиев "Менен бе? Жоқ, мойындамаймын", - деп жауап берді.
Мұның алдында Оразбақова үш айыпкерге шағым жаслатынын айтқан: автобус жүргізушісі, автобус иесі мен Toyota Camry жүргізушісіне. Өтемақы көлемі 20 миллион теңге.
Еске сала кетейік, 16 маусымда Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. Honda көлігі ашық люкке түсіп кетіп, дөңгелегі жарылған. Бұл көліктің салонында екі қыз болған. Олар көлікті жол шетіне қойған кезде шеткі сол жақ жолақпен Toyota Camry келе жатқан. Көліктің жүргізушісі бұзылып тұрған автомобильді көріп, тоқтауды ойлаған. Алайда орта жолақта келе жатқан автобус оны соғып, Toyota Camry тоқтап тұрған Honda көлігін соққан. Осы уақытта екі көліктің ортасында қалып қойған екі қыз қысылып қалған. Дәрігерлер қыздың аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды.