14 маусым 2017 13:30

Менің ұлым онымен дос болды - ҚазҰАУ жатақханасында студентті өлтірді деп айыпталған баланың анасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 1-курс студенті Дидар Болысбекті өлтірді деп айыпталған 2-курс студенті Тойчибек Асамовтың анасы ұлын кінәлі емес деп санайтынын айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 1-курс студенті Дидар Болысбекті өлтірді деп айыпталған 2-курс студенті Тойчибек Асамовтың анасы ұлын кінәлі емес деп санайтынын айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тергеушілер маған ұлыммен көрісуге шамамен бір ай уақыт рұқсат берген жоқ. Менің ұлым кімнің кімді ұрғанын біледі. Бірақ бізде куәгерлер жоқ, сонда да біз барлығын дәлелдейміз. Сол кезде төбелеске қатысқандардың барлығы бостандықта жүр. Менің ұлымның еш кінәсі жоқ. Қалған кінәлілерді бостандыққа жіберді, себебі олардың бірінің әкесі - полицей, ал тағы біреуінікі - бастық. Біздің ұлымыз болса, түрмеде отыр", - дейді Саламат Асанова.

Саламат Асанованың айтуынша, оның ұлы қаза болған Дидармен дос болған.

"Мен ұлымның Дидармен араласып жүрген кезінде түсірілген суреттерін көрсете аламын. Осы телефонда барлығы бар еді - оған кімнің және қаншада қоңырау соққаны. Бірақ бүгінде ұялы байланыс операторы бұл мәліметтердің барлығын өшіріп тастады. Бірақ мен скрин жасап үлгердім. Ол суреттерден бір жігіттің пышақпен жүргенін көруге болады. Барлығы 21 адам төбелескен. Мен ештеңе жасырмаймын және ештеңеден қорықпаймын", - деді сотталушының анасы Саламат Асанова.

"(...) Менің шағымдарымды ешкім тыңдап жатқан жоқ - прокуратура да, органдар да. Үш жігіт әлімжеттік көрсеткен. Менің ұлым бұл туралы ештеңе айтпайтын, себебі ұлым өте жуас", -  дейді анасы.

Бүгін, 14 маусымда, Алматы қалалық Бостандық ауданының №2 сотында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 1-курс студенті Дидар Болысбектің өліміне қатысты сот отырысы басталуы тиіс болатын. Алайда зардап шеккен тараптың келмеуіне байланысты судья сот отырысын кейінге қалдырды.

Айта кетейік, Тойчибек Асамов ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") және ҚР 194-бабының 1-бөлігі бойынша ("Қорқытып алу") айыпталып отыр

Еске сала кетейік, биыл 12 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық университеттің жатақханасында болған жаппай төбелестен студенттің қаза тапқаны хабарланған болатын. Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 адам төбелескен. 

Ал кейінірек ҚазҰАУ студентінің өліміне күдіктілер ұсталған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети