Мереке қарсаңында Маңғыстауда әшекей бұйымдары жиі ұрланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мереке қарсаңында Маңғыстауда әшекей бұйымдары жиі ұрланды ©Руслан Шақабаев

Әйелдер мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысында бағалы әшекейлер ұрлығы күрт көбейіп кетті деп хабарлайды Lada.kz құқық қорғау органдарына сілтеме жасап. Полицейлердің мәліметінше, Түпқараған ауданындағы Сайын ауылының 35 жастағы тұрғыны өз үйіне ұры түсіп, алтын әшекейлерін ұрлап әкеткенін айтқан. 7 наурыз күні үйге терезеден кірген ұрылар жалпы құны 450 мың теңге болатын бұйымдарды жымқырған. Сол күні осы ауылдың тағы бір тұрғынының үйіне ұры түсті. "Бұл үйден ұрылар алтын сағаттар мен басқа да алтын әшекейлерді және Canon фотоаппаратын ұрлаған. Шығын көлемі 350 мың теңге болды", - деп жазады Lada.kz. Жаңаөзен қаласында 46 жастағы әйел алтын әшекейлерінен айырылып қалды. Ұрылар пластик терезені майыстырып, ішке кірген. Қолды болған бұйымдардың жалпы құны - 200 мың теңге. Алтын әшекейлер ұрлығы облыс орталығында да тіркелді. Қаланың 14-ықшамауданы тұрғынының үйінен 150 мың теңгенің бұйымдары ұрланды. Мереке қарсаңында барлығы 10-нан астам ұрлық тіркелген. Жергілікті құқық қорғау қызметкерлері бұл деректер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети