24 сәуір 2019 | 12:55

Мейрамхана қонақтарының банк картасынан ақша ұрлады деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© МСТ Компани © МСТ Компани

Мейрамхана қонақтарының банк картасынан ақша ұрлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Мейрамхана қонақтарының банк картасынан ақша ұрлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицияға банк картасынан ақша ұрланғаны туралы төрт адам арыз берген. 

"Жедел іздеу шаралары барысында елордалық полицейлер Нұр-Сұлтан қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады. Ол қаладағы көңіл көтеру орталықтарының бірінде даяшы болып қызмет еткен. Мейрамхана қонақтары POS-терминал арқылы төлеу кезінде олардың банк картасының реквизиттерін көшіріп отырған. Ары қарай, реквизиттерді пайдаланып, интернет банкинг арқылы қаражат жымқырып отырған", - делінген полиция хабарламасында. 

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі 4-тармағы ("Ұрлық") бойынша жүріп жатыр. 

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің өкілдері ешкімге картаның мәліметтерін, пин-кодын, CVV-код және бір реттік паролін бермеуге шақырады. POS-терминал арқылы төлеу кезінде сақ болыңыздар. 

Банк картасына қатысты қандайда бір алаяқтық әрекетін сезіктенген болсаңыз, міндетті түрде оны дереу бұғаттап, полицияға мына нөмірлер бойынша хабарласыңыз: 8(7172)71-62-91 немесе 102.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети