Қарағанды облыстық қаржы полициясы миллиардтаған айналымы бар жалған кәсіпорындар желісін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстың алты тұрғыны жалған кәсіпорындар арқылы 30 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, мемлекетке 10 млрд теңге шығын келтірген.

Қаржы полициясы өңірде екі жыл бойы ірі сомаларды жалған кәсіпорындардың көмегімен қолма-қол ақшаға айналдырып келген үш тұрғынның ұсталғанын хабарлады. "Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша, 2012-2014 жылдар аралығында өңірдің алты тұрғыны 30 млрд теңгеден астам қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған. Айыпталушылардың екеуі Қарағандыдағы банктердің бірінің жанында "Гаухар Сити" және "Шыңғыс Маркет" атты жалған кәсіпорындардың есепшотынан 146 млн теңге алып жатқан қылмысы үстінде ұсталды. Жалған кәсіпорындар арқылы олар тауарлар мен қызмет түрлерін жеткізу туралы жалған бухгалтерлік есептер толтырған", - деді брифингте қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары Саят Сауқомбеков.
Үшінші айыпталушы кейін ұсталған, қазір бұл дерек бойынша "Жалған кәсіпкерлік" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сот үш айыпталушыға да бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдануға санкция берді. Қаржы полициясы қылмыстық топтың келесі үш мүшесінің аты-жөнін анықтады, әзірше олардың қайда жүргені белгісіз. Қарағанды облыстық салық департаментінің қорытындысына сәйкес, жалған кәсіпорындар қызметінің кесірінен бюджетке 9 млрд 500 млн теңгеден астам қаржы аударылмаған.