25 ақпан 2014 | 12:56

Мұғалімдердің кесірінен тәрбиеленуші қыз өз-өзіне қол жұмсады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқушы қыз мектептің баспалдақ аралығында асылып қалған жерінен табылды. Фото kp.ru сайтынан алынды Оқушы қыз мектептің баспалдақ аралығында асылып қалған жерінен табылды. Фото kp.ru сайтынан алынды

Павлодар облысындағы интернатта тәрбиленуші қыз өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жедел ақпарат көзіне сенсек, Павлодар облысының Баянауыл ауылындағы мектеп интернатында 17 жасар Мағжан Жұмахан есімді қыз бала дарға асылып қалған. "Енді бұл оқиғаға байланысты "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгені үшін" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл ретте кәмелетке толмаған жасөспірімнің өлім алдындағы хаты табылған. Онда ол өзінің өліміне кінәлілерді анықтап көрсеткен. Сонымен бірге мектептің бейнебақылау камерасындағы кадрлар да алынды. Қазір бұл ақпараттың барлығы тексеріліп жатыр", - деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі. Өлім алдындағы хатында ол өзінің өліміне мұғалімдер мен мектеп-интернатының директорын айыптаған. Облыстық Балалар құқын қорғау басқармасының хабарлауынша, дәл қазіргі таңда интернат тәрбиеленушілерімен психологтар тобы жұмыс істеуде. "Біз бұл жағдайды талдап, балалармен жұмыс істейміз. Әрине олар болған оқиғадан кейін қатты есеңгіреп қалды, депрессиялық күйге түсті. Мектеп жанындағы интернатта балалар бір отбасы ретінде өмір сүрген. Аздаған трагедия орын алды, қазір мұнымен тергеу орындары айналысып отыр", - деп түсініктеме берді Павлодар облыстық Балалар құқын қорғау басқармасының басшысы Наталья Нефедова. Айта кетейік, жоғарғы сынып оқушысының өлімінен кейін Баянауылдағы мектеп-интернатынан бірден жеті адам жұмыстан босатылды, олардың арасында тәрбиешілер мен мұғалімдер және оқу орнының директоры да бар.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети