13 шілде 2015 | 08:40

Мұрат Әбенов бөлтіріктердің аяусыз қорланғаны бейнеленген видео жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook.com © Facebook.com

Парламенттің бұрынғы депутаты, "Өрлеу" АҚ Ұлттық Орталығы директорлары кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов Facebook парақшасында белгісіз біреулердің бөлтіріктерді аяусыз жәбірлегені бейнеленген видео жариялады. Бұрынғы вице-министр роликтегі "фигуранттарды тауып, оларды жауапкершілікке тартуды" талап етті.


Иконка комментария блок соц сети

Парламенттің бұрынғы депутаты, "Өрлеу" АҚ Ұлттық Орталығы директорлары кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов Facebook парақшасында белгісіз біреулердің бөлтіріктерді аяусыз жәбірлегені бейнеленген видео жариялады. Бұрынғы вице-министр роликтегі "фигуранттарды тауып, оларды жауапкершілікке тартуды" талап етті.

Видеодан белгісіз үш жігіттің даладан табылған алты бөлтірікті қорлап өлтіргенін көруге болады. Олар бөлтіріктерді әуелі камераға түсіріп, кейін жануарлардың аяқтарын сындырып, жерге таптап тастайды. Осыдан кейін жігіттердің үлкені жауарларды "турап тастауға" бұйрық береді. Олардың қолдарында күрек пен пышақ бар. Видеоны ұялы телефонға түсіріп тұрған төртінші жігіт кадрдан тыс қалды.

Видеоның қай жерде түсірілгені белгісіз. Видео алғашында 11 шілде күні ақтөбелік қолданушы Руайти Кэйзэтаның парақшасында пайда болды. Видео Ақтөбеде түсірілген болуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети