Мұратхан Тоқмәдидің ұсталғаны жайлы мәлімет таралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұратхан Тоқмәдидің ұсталғаны жайлы мәлімет таралды

Қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің ұсталғаны жайлы мәлімет таралып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің ұсталғаны жайлы мәлімет таралып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті ҚР Ішкі істер министрлігі Жедел басқарма орталығының өкілдері растады, алайда олар бизнесменнің қалай ұсталғанын нақтыламады. Орталықтағы кезекші қызметкер Мұратхан Тоқмәдиді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұстағанын хабарлады.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Тоқмәди Тараздағы №1 ықшамауданда ұсталды.

Кеше, 8 наурызда әлеуметтік желілерде Мұратхан Тоқмәдидің қашып кеткені жайлы мәлімет таралған еді. "08.03.2018 жылы кешкі 19.30 бен 20.00 арасында Тараздағы облыстық ауруханадан Мұратхан Тоқмәди белгісіз бағытта қашып кеткен, ол адам өлтірді деген айыппен қамауда болған. Ол тізеге дейін түсетін қара күрте мен джинс киген, аяғында не туфли, не кроссовка болған", - делінген еді хабарламада. 

Сондай-ақ, Мұратхан Тоқмәди қашып кеткен облыстық аурухананың қоршауға алынғаны хабарланған болатын.

/
Сурет: Tengrinews.kz

Осыған дейінгі сот отырысында бизнесмен өз кінәсін мойындаған еді.

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди былтыр 12 маусымда ұсталған болатын

Сол кезде "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізілген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты "ҚазШыныҚұрылыс" зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған. Кейіннен Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети