Бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге адам өлтірді деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотындағылар хабарлады.
Бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге адам өлтірді деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотындағылар хабарлады.
Мұратхан Тоқмәдидің ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабының 2-бөлігі, ж,з тармақтары бойынша (1997 жылғы редакция) ("Адам өлтiру", ж) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобын жасақтау; з) пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан;) айыпталып отырғаны айтылады.
"Істің құжаттарына сәйкес, Алматы қаласының қылмыстық ортасының "беделі", сонымен бірге "Депутаттық корпус" қылмыстық ұйымдасқан топтың басшысы Мұратхан Тоқмәди "Банк Тұран Әлем" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін айыпталып отыр. Қылмыстық іс "Төрелік" ақпараттық жүйесі арқылы судьяға қарауға автоматты түрде бөлінді", - деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Осыған дейін бизнесменге қатысты қозғалған қылмыстық істің Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Азамат Тілеповтің төрағалығымен өтетіні хабарланған еді.
Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди былтыр 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты "ҚазШыныҚұрылыс" зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған. Ал таяуда бизнесменге қатысты үкім шыққан. Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.