Мұздай қаруланған астаналыққа қатысты тың деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция бұған дейін оны ұстау сәтінің видеосын жариялаған.
Мұздай қаруланған астаналыққа қатысты тың деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция бұған дейін оны ұстау сәтінің видеосын жариялаған.
Елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, роликке түскен 24 жастағы жігіт 2017 жылы "Бұзақылық" пен "Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру" баптары бойынша істі болып, бес жылға сотталған. Алайда 4 қаңтарда сот мерзімнің қалған уақытын бас бостандығын шектеу жазасы түрінде өзгерткен. Жігіт Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробациялық бақылауында болған.
"Ұсталушы өзіне тиісті түйін жасамай, тағы да заң бұзды. Қазіргі уақытта сотта оның бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр", - делінген ПД хабарламасында.
Ескерту! Видеода былапыт сөздер бар!
Бұған дейін Желіде астаналық жігіттің бірнеше қару түрін көрсеткен видеосы жарияланған. Оның қолында тапанша, шокер және автомат болған. Полиция оның кім екенін бірден анықтап, көп ұзамай оны ұстаған.
Сондай-ақ видеоны түсіріп отырған адам да тұтқындалған. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.