Мылтық, тапанша, оқ-дәрілер. Алматыда қару-жарақ қоймасы табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мылтық, тапанша, оқ-дәрілер. Алматыда қару-жарақ қоймасы табылды Фото: Алматы ПД

Алматының Медеу ауданында бірнеше тегіс ұңғылы мылтық, жауынгерлік тапанша мен әртүрлі калибрлі патрондар көмілген жерінен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Медеу ауданында бірнеше тегіс ұңғылы мылтық, жауынгерлік тапанша мен әртүрлі калибрлі патрондар көмілген жерінен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлескен жедел тексеріс барысында, Сахариев көшесінің маңында жыраға қарай түсерде, ағаштардың арасынан ақ қапшыққа салынған қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды.

Полиция қызметкерлері 12 калибрлі тегіс ұңғылы 2 мылтық, 12 калибрлі тегіс ұңғылы "Макаров" тапаншасы, "Форт 17Т" маркалы травматикалық тапанша, РГД - 5 гранаталары, 13 дана 12 калибрлі оқ-дәрі, 9 миллиметрлік оқ-дәрі - 15 дана, қуаттандырғышы бар Kirisun рациясын тәркіледі.

"Барлық тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Дерек Медеу аудандық Полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 287- бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Барлық тергеу әрекеттері жүргізілген соң, арсенал кімдікі және қайдан шыққаны белгілі болады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети