Мысыр билігі іздеуде жүрген қазақстандықты ұстап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысыр билігі іздеуде жүрген қазақстандықты ұстап берді

Бүгін Бас прокуратура қызметкерлері Қазақстанның ІІМ Интерполмен бірлесіп қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін қазақстандықты Мысырдан Қазақстанға экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталған адам кісі өліміне күдікті адамдардың пайдасына сотта көрінеу жалған айғақ берген деген күдікке ілінген.

Ол ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасын бұзып, тергеу органдарынан жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

Оны экстрадициялау қазақстандық қылмыстық қудалау органдарының мысырлық әріптестерімен бірлескен әрекеттерінің арқасында мүмкін болғаны айтылады

"Ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды, онда сот үкімі шығарылғанға дейін ұсталатын болады", - делінен хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети