23 қазан 2017 | 11:32

Наркоорталықта ер адамды ұрып өлтіргендердің видеосы: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наркология және психотерапия орталығының бас дәрігері Ольга Комарова наркоорталықта болған жағаұстатарлық жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Наркология және психотерапия орталығының бас дәрігері Ольга Комарова наркоорталықта болған жағаұстатарлық жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таралып жатқан видеода полиция мен Наркология және психотерапия орталығының қызметкерлерінің ер адамды ұрып өлтіргені бейнеленген. Оқиға биыл наурыз айында болған. Ер адамды полицейлер куәландыру үшін орталыққа жеткізген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр, алайда оқиғаның видеосы Интернетте енді ғана таралып жатыр. 

Наркология және психотерапия орталығының бас дәрігері Tengrinews.kz тілшісіне бұл оқиғаның биыл 15 наурызда мекеме ішінде болғанын растап берді.

"Өкінішке қарай, бұл оқиға айықтырғышта болған, бұл біздің бөлімше. Қызметкерлерді ақтамаймын. Сол уақытта бас дәрігердің міндетін Гауһар Бектаева атқарған. Ол тергеуге көмектесу үшін қолдан келгенін жасады, оның ішінде қызметкерлердің мойындауына қол жеткізіп, оқиғаның видеожазбасын берді. Бұл осы оқиғаны тергеу органдары әділ анықтап, лайықты сот шешімін шығару үшін жасалды. Бұл осының бәрі Интернетте таралып, қызу талқыға түсуі үшін жасалған жоқ", - деді бас дәрігер Ольга Комарова.

Ол қаза тапқан Николай Кривенконың айықтырғышқа не себепті жеткізгенін айтып берді. Ер адам түнгі екілер шамасында жеткізілген. 

"Ол өз үйінің ауласында көліктерді қиратқан. Ол осындай күйінде жеткізілді. Қалғанын білмеймін, полицейлердің осындай әрекетке баруына қалай себеп болғанын білмеймін. Полиция қызметкерінің оны ұрып-соға бастағанын көруге болады, олар фельдшер мен санитар. Осылай болған іс. Алайда видеожазбаны таратуға болмайды. Бұл тергеу материалы", - деді ол.

Айтуынша, ер адамның өлім дерегі бойынша Наркология және психотерапия орталығының екі қызметкері сот алдына келген.

"Фельдшер - 6-курс студенті, медакадемияда озат оқыған, науқас шешесі бар. Санитар өте жас, бір баласы бар, оқиға алдында ғана тойын өткізген. Бұл қайғылы жағдай, бұл видеоны не себепті таратқанын түсінбеймін. Бұл оқиғада ешкім де кінәлілерді жауапкершіліктен жалтаруды ойлаған жоқ. Үзілді-кесілді қарсымын", - деп мәлімдеді орталықтың бас дәрігері.

Қаза тапқан Кривенконың қанында алкоголь болмағаны анықталыпты. 

"Ол мас болмаған. Бірақ ол спайсқа мас болған сияқты. Себебі ол өте ашулы болды, мінезі жат. Қанында алкоголь болмады, бірақ оны сау болды деуге де болмайды. Сау адам түннің бір уақығында аулаға шығып, көліктерді қиратпайды. Үй тұрғындары полицияны шақыртып, олар өз кезегінде ер адамды орталыққа жеткізді. Соған қарағанда, қанында есірткі болған. Ал оны алкогольге ғана тексерген", - деді Комарова.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қылмыстық іс Астананың аудандық сотында қаралып жатыр, сөзталас 25 қазанда өтеді.

Астана қалалық ІІД өкілдері бұл деректің Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне "Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану", "Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" баптары бойынша тіркелгенін хабарлады. 

"Сараптамалар тағайындалды. Сол күні Астана ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы күш қолданған полицияның кіші сержанты уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, Наркология және психотерапия орталығының жұмысшылары ұсталды", - деп хабарлады елордалық ІІД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети