Наталья Слекишина 5 жылға абақтыдан босатылды

23 Желтоқсан 2016, 17:14
0
Наталья Слекишина 5 жылға абақтыдан босатылды - Наталья Слекишина. © Тengrinews.kz
Наталья Слекишина. © Тengrinews.kz

Іле аудандық соты Наталья Слекишинаны 5 жылға абақтыдан босатты, ол қарақшылық жасап, аса ірі көлемде қаражат жымқырғаны үшін сотталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сотталған Слекишинаның адвокаты ерекше жағдайға байланысты жазасын өтеу мерзімін максималды түрде кейінге қалдыруды алды. "Ол дұрыс жолға түсіп, сәбиінің болуына байланысты, оған қастандық жасалғаннан кейін осы шешім шығарылды. Бұл істе барлық жағдай ескерілді. Балалар құқығына қатысты барлық халықаралық келісімдерді қолданылды. Шынымды айтсам, судьяға мың алғыс. Барлығын да түсінікті, ұғынықты, объективті, әділ және заңды жасады", - деді Айман Омарова. 

Ол Слекишинаның 15 күннен кейін босап шығатынын айтты. Оның қызы 22 желтоқсанда жұқпалы аурулар ауруханасынан шыққан. Слекишинаның өзі бостандыққа шыққаннан кейін Алматыда жұмысқа орналасып, балаларын асырамақ ойы бар.  

Еске салайық, Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлады деп айыпталған болатын. Бұл оқиғадан жәбірденуші сол Слекишина болып шығады. Тілшілердің мәліметінше, 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтқан. Ол тіпті сол кезде жүкті болып қалған. Бірақ жақында ғана туылған баланың әкесі кім екені белгісіз. Ал қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері тағылған айыппен келіспейтінін айтып отыр. Айта кетейік, кінә тағылып отырған 4 азамат та осы мекемеде ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар. Натальяны 4 бірдей қызметкер бірнеше рет зорлаған. Кейін арнайы сараптама тағайындалып, баланың әкесі расымен түрме бақылаушысы Руслан Хәкімов екені анықталған болатын.

Осыған дейін ІІМ өкілдері абақтыда зорланған әйелдің ісіне қатысты түсінік берген еді. Кейінірек Алматыда қамалған әйелді зорлады деген күдікпен абақты қызметкері ұсталды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай